RU

Бауыржан Байбек Алматыдағы ең үздік мектептің алғашқы қоңырауына қатысты

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының алғашқы қоңырауына қатысты, деп хабарлайды Today.kz.

Қала басшысы мектеп ұжымын, оқушыларды және олардың ата-аналарын құттықтап, оларға биылғы жасаған еңбектерін қайталауды тіледі.

Биылғы мектеп бітірушілердің ішінен алтауы қызылмен бітірген және де түлектердің 85 пайызы грантқа түскен. Олимпиада жеңімпаздары мен ҰБТ қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мектеп "ең үздік" деп танылған.

Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында биыл 200-ге жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған.

Ертеректе, Алматыдағы үздік мектепке 17 млн астам теңге берілгендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, елімізде 157 жаңа мектеп ашылған. Сонымен қатар, мектеп партасына 2,6 миллион оқушы отырса, соның ішінде 336 мың бала бірінші рет алғашқы қоңырауға қатыспақ.

Биылғы жылы ыстық тамақпен 85 пайыздан жоғары мектептер қамтылады, оның ішінде 436 мың балаға тамақ тегін берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/873469-bauyrzhan-baybek-almatydaghy-enh-uzdik-m.html