RU

Назарбаев халықты фуа-гра мен "Ленд Крузерден" бас тартуға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев нан құнын нарық бағасына сай реттеуді ұсынды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біз нан мен бағаның қолайлы болуы үшін тұтынушыларды субсидиялауымыз қажет.  Қазір ол қолайлы емес. Сонда ғана сіздер ақшаға қол жеткізетін боласыздар»,  - деді мемлекет басшысы Ақмола,  Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары  әкімдерінің қатысуымен өткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен өткен кездесуде.

«Одан біздің айлығы төмен мамандарға ақша беріп,  көмектескеніміз дұрыс. Батыс осындай жағдай. Оларды ешкім бақыламайды. Нарық өзі бағаны анықтайды.  Ал, біз болсақ,  кеңестік кезеңдегі әдеттен арыла алмай келеміз. Иә, әрине , халықтың табысымен санасуға тура келеді», -деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент бензин бағасының еркіне жіберлуін де түсіндіріп өтті.

"Үкіметтің АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасын еркіне жіберуін дұрыс қабылдау керек. Бұл бензиннің 30 пайыщын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз бензин бағасын еркіне жібермегенде, бір айдан соң тіпті, жанармайсыз қалатын едік. Бұл экономика заңдылығы. Оған ештеңе істей алмайсың. Біз ашық кеңістіктеміз, сондықтан, бұған түсіністікпен қарау керек", - деді Назарбаев.

"Ең бастысы, бізде жейтін нәрсе бар. Ішетін нәрсе де бар. Киетін киіміміз бар, басымызда баспана бар, үйді жылытатын отын да бар...Ал қалғандары, мәселен, батыстық киімдер... Оларсыз да өмір сүруге болады. Солай емес пе? Фуа-гра, банансыз.. Ең үлкен "Ленд Крузер" мінбей-ақ та өмір сүруге болады емес пе?  Өмір сүруге қажетті заттардың бәрі бізде бар", - деген президенттің сөзін Tengrinews.kz жариялады.

Еске сала кетейік, Назарбаев әлемдік дағдарыс кезінде елді сабырлы болуға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/880983-nazarbaev-benzin-baghasynynh-erkine-zhi.html