RU

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы әлі тұрақталған жоқ

Елімізде АИ-92 бензинінің бағасы әлі де болса қымбат деп хабарлайды Хабар арнасы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріліп жатса, еліміздің бірқатар аймағында АИ-92 маркалы жанармай бағасы бір қалыпқа келмей тұр.

Мәселен, Қарағандыда жанармай бағасы 124-129 теңге арасында сатылып жатса, Оңтүстік Қазақстанда 125-130 теңгеге жеткен. Ақтауда 126-128 теңге аралығында, Қостанайда 129 теңге, Семейде 125-127 теңге шамасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы еркіне жіберілген болатын. Назарбаев бензин бағасының еркіне жіберілуін әлемдік экономикадағы дағдарыспен түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/881743-qazaqstanda-ai-92-markaly-benzin-baghasy.html