Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолияда модель бойжеткен ернімен сурет салады (фото)

Опубликовано:

«Әлем аруы» байқауына қатысқан Моңғолия өкілі өзінің көрмесін ернімен салған суреттерімен ашты. Бұл туралы AsiaRossia.Ry-ға сілтеме жасап ras.kz хабарлады.

Моңғолияның Намширын Ану есімді бұл сұлуы бұған дейін «Манчжурия аруы-2014» байқауында бас жүлде алған. Ал биыл Сеулде өткен Asia Model Festival -2015 байқауында жеңімпаз және топ-модель атанған.

Намширын Анудың жеке көрсеткіштері де өте жақсы. Оның бойы – 178 см, дене бітімі – 88-60-90. Жасы 22-де. Моңғол және ағылшын тілдерін біледі.

Оңашадағы ермегі – өлең жазу, ернімен сурет салу. Ол сондай-ақ саяхаттағанды және суда жүзгенді ұнатады. Білімі жағынан келсек, ғылым және технология университетін «графика дизайны» мамандығы бойынша бітірген.

«Менің сурет салуға деген аздаған дарыным бар дейік. Ал әйелдер ернімен сурет салып шықса, олары керемет сұлу көрінеді. Сондықтан мен суретті қолдарыммен емес, ерніммен салуға шештім. Ерінмен сүйіп салған қызықты болып шығады деп білдім», – дейді Ану.

Оның осылайша салған туындылары Q Art көрмесінен орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/900256-monhgholiyada-model-boyzhetken-ernimen/

pixel