RU

Италия сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша 1-ші орынға шықты

Соңғы жарты жылда Италияда 3 миллиардтан астам еуро жымқырылған деп хабарлайды 24.kz.

Бүкіләлемдік экономикалық форумда жарияланған «Даму және инклюзивті өсім - 2015 баяндамасы» мен қаржы полициясының есебінде осындай мәлеметтер бар. Сол бойынша Италия 30 дамыған елдің арасында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші жағынан I орында тұр.

Түрлі айламен ақша жымқыруға 5 мыңға жуық саясаткер мен шенеунік бел буған. Ал елдің мемлекеттік қарызы 2 триллион еуроға жетіп отыр.

"Біздің саясаткерлер мен шенеуніктер сыбайлас жемқорлыққа жиі барады. Алайда саяси тергеуден бас тартпайтын сот жүйесінің арқасында осындай оқиғаларды қарапайым халық ұдайы назарда ұстайды. Мұндай әділдік пен жариялылық Еуропаның басқа мемлекеттері үшін үйренуге тұралық үлгі болмақ", - дейді Г.Карли атындағы халықаралық әлеуметтік зерттеулер университетінің профессоры Луиджи Петрилло.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/902330-italiya-sybaylas-zhemqorlyq-korsetkish.html