RU

"Новая волна" байқауында қазақстандықтар үздіктер қатарында келеді

Кеше Мәскеу уақытымен сағат 22:50-де «Новая волна 2015» жас орындаушылар байқауының алғашқы күні ашылды деп хабарлайды baistars.kz.

Биылғы жылы байқауға Қазақстанның атынан бірден екі қатысушы: әнші Ademi мен VoiceKZ тобы шығып отыр.

Кеш қорытындылары бойынша  отандастырымыз үздік орындаушылар үштігіне кірді. Атап айтқанда, Ademi 87 балмен екінші орында, ал VoiceKZ тобы бір балл айырмашылықпен үшінші орында орналасқан.

Байқаудың бірінші күніндегі тақырыбы танымал кинофильмдер мен сериалдардың әндері болған.

Дәстүр бойынша, кешті "Новая волна" байқауының музасы Алла Пугачева ашты. Кештің арнайы қонақтарының арасында Эрос Рамазотти болды, ол Ани Лоракпен қосылып, «Piu cue puoi» ескірмейтін хитін орындады.

Биылғы жылы байқаудың алғаш рет Сочи қаласында өтіп жатқанын атап өту керек.

«Новая волна» танымал музыка жас орындаушыларының халықаралық байқауы алғаш рет 2002 жылы өткізілген. Байқауды қос композитор Игорь Крутой мен Раймонд Паулс ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/911046-novaya-volna-bayqauynda-qazaqstandyq.html