RU

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Бүгін Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері анықталды.

Жалпыға бірдей еңбек одағы, Өнеркәсіп, сауда және қолөнер конфедерациясы, Адам құқықтарын қорғау лигасы мен Заңгерлер ордені сияқты 4 тунистік ұйымның басын біріктіретін Тунис ұлттық диалогының квартетіне бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді.

Аталған марапат 2011 жылғы «Ақжұпар төңкерісі» қорытындысы бойынша плюралистік демократияны құруға қосқан шешуші үлесі үшін табыс етіліп отыр.

Айта кету керек, 2013 жылы аталған «Квартет» Тунистің азаматтық соғыс алдында тұрған шағында туындаған кикілжіңді бейбіт жолмен шешіп, халықтың жынысына, саяси және діни көзқарастарына қарамастан, негізгі құқықтарын бұзбауға уәде бере отырып, заңды билікті бекітуге орасан зор үлесін қосқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/917635-beybitshilik-salasyndaghy-nobel-syyl.html