RU

Қытайда ең ұзақ жасаған тұрғын 256 жыл өмір сүрген

Қытайда ең ұзақ өмір сүрген адамның есімі белгілі болды. Ли Цинъюнь екі жүз жылдан аса өмір сүрген.

Бұл туралы sana.sy сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қытайлық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ли Цинъюнь 1677 жылы Сычуань провинциясына қарасты Цицзянсянда дүниеге келген. Ол өмірінің көп бөлігін Сычуаньдағы тауларда емдік шөптер жинап, ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын түсінумен өткізеді.

Ол 256 жасына қараған шағында, 1933 жылы қайтыс болған.

71 жасында Ли Цинъюнь әскери кеңесші әрі жекпе-жек үйретушісі ретінде Қытай армиясына келеді. Ал 179 жыл өткен соң, 1927 жылы Ли 43 жастағы генерал Янь Сенмен кездескен. Генерал қарияның тым жас көрінетініне және оның күш-қуатының молдығына таң қалған. Әскери басшының үйінде түскен қарияның суреті бүгінге дейін сақтаулы.

«Оның көздері жақсы көретін, қадамы да нық. Бойы 7 футтай болады және тырнақтары ұзын», - деп жазады генерал өзінің 250 жастағы қонағы туралы.

Қарияның 24 әйелінен 200 ұрпағы қалған. Ол 23 әйелімен бірге өмір сүреді, ал 24-ші жұбайы қария дүниеден өткен соң, жесір атанған.

«Жүрекке тыныштық беріңдер, тасбақа секілді отырыңдар, көгершін сынды ширақ жүріңдер және ит секілді ұйықтаңдар», - деген қария ұзақ жасаудың басты құпияларын айтқан.

Ол бүкіл ғұмырында шөптен жасалған қоспалар ішіп, демге арналған арнайы жаттығуларды орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/931440-qytayda-enh-uzaq-zhasaghan-turghyn-256-zhyl-om.html