RU

Рустам Ибраев дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирінде қола медаль жеңіп алды

БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» топтамасындағы халықаралық жарыста 60 келіге дейінгі салмақ бойынша өнер көрсеткен Рүстем Ыбыраев қола медаль иеленді.

Ол күресін екінші айналымнан бастады. Бірінші белдесуде әуелі тайпейлік спортшы Тсай Минг Енді жеңіп, кейін эквадорлық Прекиадо Лениннің тізесін бүктіргенімен, моңғол спортшысы Цогтбаатар Цендоширудан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясынан.

Одан кейін өткен кездесуде Рустам Грузия дзюдошысы Чхвмиани Лукумиді жеңіп, үшінші орынға таласу құқығына ие болды. Мұнда ол түрік дзюдошысы Озлу Беккермен кездесіп, одан басым түсіп, қола жүлде иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/941845-rustam-ibraev-dzyudodan-ulken-dulygha-t.html