Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздардың ең әдемі той көйлектері (фото)

Опубликовано:

Қалыңдықтың той көйлегі салтанатты кеште көзге түсер ең маңызды киім болғандықтан, бойжеткендер бұған аса мән беріп, көйлек таңдауына тыңғылықты дайындалады. NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап қалыңдық кейпіндегі танымал отандық жұлдыздардың көйлектерін назарларыңызға ұсынады.

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова тойға екі қалыңдық көйлегін таңдаған. Бірінші көйлегі жұбайы Олжас Смағұловқа ашық-шашық көрінгендіктен, Мәдинаның басқа көйлек салонына баруына тура келген.

Аша Матай

Осы жылдың 25 қыркүйегінде әнші Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы өтті. Аша Матай той көйлегіне Ivory сән салонына тапсырыс берген.

Ділнәз Ахмадиева

Ділнәз Ахмадиева 2011 жылы кәсіпкер Ахмад есімді жігітпен бас қосып, Астанада дүркіретіп той өткізді. Әртіс қалыңдық көйлегін дизайнер Vera Wang топтамасынан таңдаған.

Айдай Исаева

"Қазақстан аруы-2013" атанған Айдай Исаева кәсіпкер Мақсат есімді жігітпен отау құрып, қазақстандық сәнгер Наил Байкүшіков әзірлеген көйлекті киіп шыққан.

Аружан Жазылбекова

Актриса Аружан Жазылбекова мен режиссер Ахат Ыбыраевтың тойы 2013 жылдың 6 қыркүйегінде өткізілді. Қалыңдықтың той көйлегі көпшіліктің назарын еріксіз өзіне аударды.

Динара Қырықбаева

Әнші Динара Қырықбаева той көйлегінің асты толық пішінді үлпілдек болғанын, ал иығы ашық тұруын қалаған.

Аиша

Әнші Бүркіт пен Аишаның салтанатты кешінде Аиша жинақы ақ сары түсті қалыңдық көйлегін киіп шықты.

Айдана Меденова

Продюсер жігітпен шаңырақ көтерген "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова қалыңдық көйлегін өз үлгісімен дайындаған. Әртіс болашақта сән саласына бет бұрғысы келетінін жасырмайды.

Әйгерім Мырзагереева

Әнші әрі актер Арыстан Мырзагереевтің жұбайы, "Алматы вице-мисі" атанған Әйгерім Мырзагереева Justin Alexander топтамысындағы көйлекке таңдау жасаған. Көйлектің әсем үлгісі, ерекше тігісі, түсі бойжеткеннің көзіне бірден түскен.

 

Скрипкашы Лана

Скрипкашы Лана қалыңдық киіміне грек стиліндегі көйлекті таңдаған. Салтанатты кеш Алматының гольф-клубында өткізілген.

Анастасия Черкасова

FM тобының экс-солисі Анастасия Клещенко жүктілігін жасырып тұрған бірнеше қатпарлы көйлекте ең сәнді қалыңдықтардың бірі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/951344-otandyq-zhuldyzdardynh-enh-ademi-toy-koy/

pixel