RU

ИМ Вашингтонға шабуылдайтынын айтып, доқ көрсетті

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Вашингтонда да өткен аптада Парижде жасалғандай терактілер ұйымдастыратынын айтып, доқ көрсеткен видеожазба жариялады деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

12 минутқа созылатын видеода содырлардың бірі АҚШ бастаған коалиция Иракта ИМ-ге шабуылдап жатқаны үшін "Батыс елдеріне соққы жасау қажетін" айтады.

ИМ содырлары 13 қарашада Парижде 132 адам мерт болған бірнеше терактіні мойнына алған.

Бұған дейін ИМ 31 қазанда Египетте ресейлік жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына да жауапкершілікті мойнына алған. Апаттан ұшақ бортында болған 224 адам түгел қаза тапты.

Өткен аптада Reuters агенттігі ИМ-нің Сирияда әскери операция жүргізіп жатқан Ресейге қарсы терактілер жасау қаупі бары туралы хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/958590-im-vashingtongha-shabuyldaytynyn-aytyp.html