Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны інісін жанкешті террорист болуға дайындаған

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск қаласының тұрғыны істі адамға тұрмысқа шыққаннан кейін радикалды илсамға бет бұрған. Оның интернет үйретушілері "сенімін дәлелдеу үшін туысқанын жіберуді" талап еткен. Әйел талапты орындап, інісін жанкешті террорист болуға дайындаған.

Бұл туралы «Времяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Нина және Андрей Петровты әжесі тәрбиелеген. Екеуі де құдайшыл болмаған және ұрттап қойғанды да ерсі санамайтын.  2009 жылы Нина өзінің бұрынғы сыныптасы Евгений Волкинге ғашық болып, оның есірткі саудасы үшін істі болғанына қарамастан, тұрмысқа шығады. Екеуі некесін түрменің ішінде қияды.

Көп ұзамай Евгений колонияда ислам дінін қабылдайды. Оған ерген 23 жастағы Нина да дінге қызығушылық танытып, бар сұраққа жауапты интернеттен іздеуге кіріседі. Нәтижесінде ДАИШ-тің теріс ақпаратына жолығады.

Бойжеткен тыйым салынған аудио және видеофайлдарды алып, теріс ақпаратқа қанығады. ДАИШ өкілдері оған тек жақынын Араб еліне соғысуға жіберген жағдайда ғана сенім білдіретінін айтады.

Нина өлім аузына өзінің 20 жастағы інісін жіберуге бел буады. Андрей 2014 жылы әпкесі оны тәрбиелеуге кіріспес бұрын ішкілікке салынған азамат болатын. Нинаны да, Андрейді де бұл қадамға сенімнен бөлек, материалдық құндылықтар итермелеген. ДАИШ өкілдері оларға тұрғынүй беруге уәде еткен.

Сөйтіп, өзімен қоса, інісінің миын улаған әйел оған Қазақстан қауіпсіздік қызметінің көзіне түспей террористерге қалай жету керектігін түсіндіреді. Екеуінің әрекеттері туыстарынан бөлек полицияның да күдігін тудырған. Нина тыйым салынған материалдарды сақтағаны үшін және терроризмді өзгелерге насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар террористік топқа қосылуға інісін азғырғаны үшін де айыпталды.

Андрей іс бойынша куәгер ретінде ғана қаралды. Нинаның күйеуі колонияда жазасын өтеп жатыр. Оның әйелді бұл жолға түсуіне қатысты екені дәлелденбеді.

Сот Нинаны 6 жылға ортақ режимдегі колонияда бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/961665-shqo-turghyny-inisin-zhankeshti-terroris/

pixel