RU

Теміртауда қараңғыда ән айтқан Роза Әлқожаның түрін көре алмаған халық келгеніне өкінді

Қазақстандық әнші Роза Әлқожа Теміртау қаласының мәдениет сарайында жарықсыз және істен шыққан микрофонмен ән айтқан. Әншінің түрін көре алмай, дауысын жақсы ести алмаған халықтың көңілі бірден түсіп кетті, деп хабарлайды Теміртаудан NUR.KZ тілшісі.

«Біз ақша төлеп, концертке билет алдық. Ақырында әншінің түрін де дұрыстап көре алмадық. Залда жарық болмай, қараңғыда отырдық. Микрофонның батарейкасы да болмады", - деп ренішін білдірді көрермендер.

Ал мәдениет сарайының директоры Руслан Фатхуллин дайындық шараларының төмен деңгейде болуында кінәсі жоқ екенін алға тартты.

«Барлық жауапкершілік ұйымдастырушыларда, олар әншіні Теміртауға шақырған соң, дұрыстап күтіп алуы керек еді. Біз тек залды жалға бердік. Жалға беру құны сағатына 98 мың теңге. Мәдениет сарайында жарықпен қамтамасыз ету мәселесі қиындау, бұл туралы ұйымдастырушыларды ескерткен болатынбыз. Сол себепті, олар өздері сахна мен жарықты ойластыруы керек еді", - деді Руслан Фатхуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/968880-temirtauda-qaranhghyda-aytqan-roza.html