RU

Қазақстандағы ең бай әйелдер кімдер?

Қазақстанның ең бай адамдары туралы әңгіме болса, көпшілік бірден қалталы ер кісілерді елестете бастайды. Алайда нәзік жандылар да зор жетістікке жетіп жатады. NUR.KZ порталы Ztb.kz-ке сілтеме жасап еліміздің ең бай әйелдерін назарларыңызға ұсынады.

Динара Құлыбаева

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы.

Қазақстанның ең бай әйелі деп саналады. Қазақстан Халық банкінің акционері. Тимур Құлыбаевқа тұрмысқа шыққан. Ұлы мен екі қызы бар. Дүние-мүлкі 1,3 млрд долларға бағаланады. Динара Құлыбаева күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге "АЛМЭКС" холдингтік тобын" иелік етеді. Аталмыш топ "Қазақстан халық жинақ банкінің" 68,2%-ын алады.

Сонымен қатар холдингке келесілер кіреді:

- "Фирма "АЛМЭКС Плюс" ЖШС (51%);

- SAT&CO АҚ (7,09%);

- "Кипрос" ЖШС және оның еншілес кәсіпорындары: "Южный Холдинг" ЖШС, "Атыраумұнайөнімдері", "Континент Инвест Групп", "Мұнай Даму" ЖШС, BUSINESS STROYINVEST-A ЖШС және "Меркурий 1999" ЖШС. Оның еншілестері: GolfTown ЖШС, Mercury Engineering ЖШС;

- "Терминал-Петропавловск Меркурий";

- "ТЭК Казахстан" ЖШС, "КазГипроНефтеТранс" компаниясы;

- "Жайық Құрылыс-Газ" ЖШС, "Ақсайгазсервис", "Казбургаз".

Құлыбаевтар отбасы, сонымен қатар "Алтыналмас" компаниясы  және "Казстройсервис" тау-металлургия комбинатына иелік етеді.

Айгүл Нұриева

Алматы экономика және статистика академиясының бұрынғы ректоры, профессор Марат Нұриевтің қызы. 1996 жылы Нұриев қауіпсіздік кеңесінің орынбасары, кейін хатшылығының орынбасары қызметін атқарады. Нұривеаның мүлкі 780 млн долларға бағаланған.

- 2012 жылдан бастап, қазақстандық Alem Communications компаниясының WiMAX желісіне иелік етеді. Аталмыш компанияны кезінде 170 млн долларға сатып алған. Оған Alem Communications-тің 85,53%-ы тиесілі. Midas Telecom-ның 55%-ы мен A1 System Kazakhstan мен Kaznet Media ЖШС-нің 99%-ы да Нұриеваның қарамағында.

-  2005 жылдан бастап, Айгүл Нұриева Bodam B.V-дің жалғыз қожайыны атанды. "Қазақтелекомның" 15,18%-ы және "Мобайл Телеком-Сервистің" 49%-ы да оған тиесілі;

- 2007 жылдың наурызынан - "Қазақтелеком" директорлар кеңесінің мүшесі;

- 2008 жылдан бастап, Alnair Capital Holding АҚ директоры (Қазкоммерцбанктің 28,76%).

Дариға Назарбаева

Қазақстанның вице-премьері, саяси қайраткер, саясат ғылымдарының докторы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары. Оның мүлкі 595 млн долларға бағаланған.

- 1994 жылы Дариға Назарбаева Қазақстанның қырғыз телерадиокомпаниясына вице-президент атанды. Кейін бұл компания "Хабар" агенттігі деп аталатын болды. Ол "Хабардың" 49,9% акциясын иелік етеді.

- 1995 жылы "Хабар" үкімет маңындағы автономды құрылымға айналып, оған бюджет қаражатынан жыл сайын 2 миллиард теңге бөлінетін болды.

"Хабардан" бөлек "Европа Плюс" радиостанциясы, КТК, НТК, телекомпаниясы, "Новое поколение", "Караван" басылымдары да Дариғаның құрылымдарына тиесілі. Сонымен қатар "Европа плюс Қазақстан" АҚ, НТК, "АлмаИнвестХолдинг", "Алматыстройснаб" ЖШС-і Дариғаның қоластында.

Софья Сәрсенова

Софья Сәрсенова Нұрбанктің 69,29%-ын, "Гелиостың" 9,87%-ын иелік етеді. Оның байлығы 400 млн долларын құрайды.

2004 жылдан 2011 жылға дейін Софья Сәрсенова "Гелиос" жағармай құю стансаларының желісін иелік еткен. 2004 жылы Рашит Сәрсенов әпкесіне Caspian Progressive Technology Ltd-дағы өз үлесін өткізген.

Альфия Қуанышева

Қуанышевтар отбасының байлығы 300 млн долларға бағаланған.

Тимур және Альфия Қуанышева - ірі "БАТТ" инвестициялық компаниясының қожайындары. Аталмыш компания құрылысқа, мұнай, газ, ауыл шаруашылығына инвестиция құяды. Сонымен қатар "Адем" сауда үйі де Қуанышеваның иелігінде.

Оның күйеуі Тимур Қуанышев - "БАТТ" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және "PNB Казахстан" директорлар кеңесінің мүшесі. Альфия Қуанышева - "БАТТ"корпорациясының қосарлас төрайымы.

Оған сонымен қатар "PNB Казахстан" акциясының 7,38% тиесілі. Бұл компания "Сбербанкпен" бірге Алматыда халықаралық Ramada қонақүй кешенін салу жобасы - Salem Hotel Management-ті қолға алған.

Нина Жүсіпова

Оның мүлкі 83 млн долларға бағаланып отыр. Жүсіпова "Қазкоммерцбанк" басқармасының төрайымы қызметін атқарады. Орталықазиялық инвестиция компаниясының 12,79%-ын иелік етеді. Аталмыш компанияның 23,83%-ы "Қазкоммерцбанкке" тиесілі.

Нина Жүсіпова, сонымен қатар Central Asian Industrial Holdings N.V. (CAIH) компаниясының негізін қалаушылардың бірі боғлан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970126-qazaqstandaghy-enh-bay-ayelder-kimder.html