RU

«Күйеу бала» атты үнді телехикаясының 31 арнадағы тұсаукесері

Желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында 31 арнада «Күйеу бала» атты жаңа тартымды үнді сериалының тұсаукесері өтеді. Бұл қарапайым қызықсыз хикаялардың қатарына жатпайды. Ғажайып Үндістанның әсерлі, мейірімге толы, қызықты оқиғалармен өрбіген хикаясы.

Бұл телеикаяда казіргі Үндістанның әсемділігі, кедейлер мен байлардың өмірінің байланысы бейнеленген. Кедейлердің мекені және керемет аймақтар, қарапайым кедейлердің асқан мейірімділігі және жөнсіз, ақылға сыймайтын байлардың тәкаппарлығы.

Телехикаяның сюжеті бір-бірінен жасырып келген құпиялары бар ерлі-зайыптылар туралы. Көрікті Рошни - өзінің бай және атақты анасының жалғыз мұрагері. Кішкентай кезінен молшылықта өскеніне қарамастан, өмірдің ең маңыздысы, анасының махаббатын сезінбеді. Анасы мен қызының ара-қатынастары мүлде суық, түсініспеушілікке толы. Бірақ мұның бәрі Рошниге өте мейірімді, адал жан болып өсуіне кедергі бола алмады.

Рошнидің ішкі жан дүниесі – өжет. Оны анасының дәулеті мүлде ерке-тотайлыққа үйретпеді, керісінше Рошни жағдайлары төмен кедейлердің қамын ойлап, барынша көмек көрсетуге тырысып, шылқыған байларды ұнатпайды. Бір күні Рошнидің өмірінде Сидхарт Синг Кхурана деген Үндістанның ең дәулетті адамы пайда болады. Сидхарт Рошниді бір көргеннен жақсы көріп қалады, бірақ Рошнидің байларға деген көзқарасын біліп, Рошни оған қарамайтынынан қорқып, өтірік орташа жағдайлы азамат болып көрінеді. Көп ұзамай жастар үйленіп, отбасы құрады.

Тіпті үйленген соң, Сидхарт Рошниге шындықты айтуға дәті бармады. Рошни ештеңе сезбей, бақытты өмір сүреді. Алайда, күндердің күнінде Сидхарттың сыры ашылады. Сидхарт қашанға дейін құпиясын жасыра алады? Рошни күйеуінің өтірігін кешіре алады ма? Рошни өзінің көзқарастарын өзгертіп, бай әрі дәулетті адамның әйелі ретіндегі мәртебесіне көнеді ме?

21-шы желтоқсаннан бастап сағат 23:00де «31 арнада»

«31 арна» – жоғары сапалы ұлттық төл өнімдері бар, отбасылық көрсетілімге арналған шабыттандыратын, мейірман, күлкілі, қызық әрі қауіпсіз қазақстандық ойын-сауық арнасы. Арна ұраны: «Отбасымен бірге көрейік!». Отыз бірінші арна бүкіл арналар арасындағы ұлттық телерейтингі бойынша екінші орынды ұстап, прайм-таймда бірінші орында тұр.

*PR  құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993642-kuyeu-bala-atty-undi-telekhikayasyny.html