Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиаданың алауын жақпақ болған студенттің беті күйіп қалды (фото)

Жарияланған күні:

Павлодарда Универсиада эстафетасының алауын жағу салтанатының дайындық кезінде бетін қатты күйдіріп алған С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенті ауруханаға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сценарий бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бейнесін сомдаған Бәкіжан Кәкім шырақты қолына алып, қазандыққа орнату керек болған. Содан кейін шыраққа газ беріліп, алау лап етіп жанады. Дегенмен ол шырақты қазандыққа орната берген кезінде ұйымдастырушылар кенеттен газ беріп қалған. Нәтижесінде алау лап етіп, Бәкіжанның бетін шарпып кеткен.

Жедел жәрдем салтанатты шара аяқталған соң ғана келген. Ал, бетін от шалған студент өзіне артылған міндетті соңына дейін орындап шыққан.

"Оқыс жағдайдың орын алғаны рас. Оқиғаның аты шулы болып көрінгенімен, студенттің денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жауап берді ЖОО-ның баспасөз қызметі.

"Дәрігерлер бетімде ешбір іздің қалмайтынын айтып сендіруде. Бірақ оған сене алмай тұрмын. Ауруханада бір аптадан аса уақыт жатуым мүмкін", - деп жауап берді Бәкіжан Кәкім.

Бәкіжан Кәкім қазақ филологиясы мамандығында білім алып жатқан екінші курс студенті. Ол республикалық Оралхан Бөкей оқуларының жеңімпазы, ақын. Өлеңдері облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда жарық көрген.

Тағы оқыңыздар:

Сара Тоқтамысова: Қазақтың әп-әдемі қыздары кинода жігіттермен аймаласып жүр

Маңғыстаулық келіншек егіздердің орнына күтпеген жерден үшем босанды (фото)

Алты жыл бойы сынақтан өткен маманды ақша бермегені үшін жұмысқа алмай қойды

45 метр биіктіктен құлап, тірі қалған шаңғышы жұртты таңғалдырды (видео)

Меруерт Түсіпбаева құны 10 мың доллар тұратын тонын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1389657-universiadanynh-alauyn-zhaqpaq-bolghan/