Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде төрт зорлаушы рақымшылыққа ілікті

Опубликовано:

Ақтөбенің №2 қалалық соты жыл басынан бері 800 адамға рақымшылық жасау ісін қарастырды. Сол аралықта зорлау бабымен сотталған төрт азаматқа рақымшылық жасалған. Бұл туралы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Зорлық жасағаны үшін түрмеге қамалған Біржан Құрманғалиев, Сергей Стрелец, Талғат Тнеев және Нұрлыбай Рақымовқа рақымшылық жасалды. Нәтижесінде үйге баса көктеп кіріп, әйелді зорламақ болған Батыс Қазақстан облысының тумасы Біржан Құрманғалиев бостандыққа шықты.

Ал 23 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы Сергей Стрелец бір жыл ішінде екі рет зорлық жасағаны үшін істі болған. Ол 2015 жылы зорлық үшін шартты жаза алса, бірнеше айдан кейін қайта зорлық жасамақ болғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сергей 2019 жылға дейін түрмеде отыруы тиіс еді. Алайда оған рақымшылық жасалып, қалған жаза мерзімін шартты түрде өтейтін болды.

Шартты жаза алу жеңілдігі 23 жастағы Талғат Тнеевке де бұйырды. Ол әйелді зорлағаны үшін үш жылға сотталған еді. Талғаттың жаза мерзімі 1 жыл 3 ай болып өзгертілді.

48 жастағы Қызылорда тумасы Нұрлыбай Рақымов та зорлық үшін үш жылға сотталған. Оның тоғыз айын шартты түрде өтейтіндей жеңілдік жасалды.

Тағы оқыңыздар:

Нью-Йорктің үздік полицейі атанған шымкенттік жігіт елін сағынып жүр (фото)

Бақытын Италиядан тапқан қызылордалық қыз италиялық енесімен мақтанды (фото)

Ернін үлкейтпек болған алматылық бойжеткен өзінің қателігін қайталамауға шақырды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1441688-aqtobede-tort-zorlaushygha-raqymshylyq/

pixel