Мас күйеуін пышақтап өлтірген 29 жастағы көпбалалы ананы көпшілік жақтап отыр
Жарияланған күні:
Оңтүстік Қазақстан облысында сегіз жылға сотталған Әлима Үсенованың артында бес бірдей баласы қалды. Өзін қорғамақ болып, ішімдік ішкен күйеуіне пышақ сермеген көпбалалы анаға сот осындай қатаң үкім шығарған.
Әлеуметтік желілерде жазаға қатысты пікір білдірушілер легі толастар емес. Әсіресе, әйелге жаны ашыған пікірлер жағы басым.
Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты күйеуінің жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген 29 жастағы бес баланың анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мас ерінен қорғанған анаға қатысты жазаны тым ауыр деушілер әлеуметтік желіде пікірлерін жарыса жазуда. Көпшілік істің қайта қаралғаны жөн деп есептейді.
"Сот әділдікпен шешу керек! Бес баланың обалына қалмаңдар, шешесі болмаса олар кімге керек! Осы жынды судың кесірінен талай еркек не істеп не қойғанын білмейді, нәзік әйел жанды ұрып-соғып, қыз баланы зорлап жатады! Босатылсын Алима! Балаларын тәрбиелесін!"
"Педофилдер, машинамен адам өлтірген байлар, миллиондап пара алғандар босап шығады да, өзін қорғаған жазықсыз әйелге 8 жылды қалай ұялмай берді екен?"
"Əйелді ақтау керек, 5 баланы тірі жетім қылмай. Əдейі өлтірген жоқ қорғанам деп абайсызда өлтіріп алды ғой. Істі қайта қарауды сұрау керек көпшілік болып", - деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.
Жаңа жылдық кеште қонақтарды күтумен болған ерлі-зайыпты арасында, бәрі тарқаған уақытта кикілжің туындаған. Осы кезде бес баланың анасы Әлима Үсеноваға мас болған ері күш көрсете бастаған.
Сөзінше, соққыдан қорғанып, қорлыққа шыдамаған ол күйеуіне пышақ сілтеген. Азамат оқиға орнында қайтыс болып, бес баланың анасына төрт айдан соң қатаң үкім оқылды.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа айы сақталады
Депутаттар тұратын үйдің алды заңсыз тұраққа айналған (фото)
Мезгілсіз өмірден өткен Батырхан Шүкеновтың әні жарыққа шықты
Тікелей эфирден ауа райы болжамын "жүргізген" өрмекші жұлдыз болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1480236-mas-kuyeuin-pyshaqtap-oltirgen-29-zhastagh/