Құлағынан 40-қа жуық тірі құрт шыққан бала Қазнетті дүрліктірді (видео)
Жарияланған күні:
Желіде дәрігердің баланың құлағынан құрттарды алып жатқан сәті түсірілген видео тарады деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Видеоны түсіріп тұрғандарды тыңдап, бұл жағдайдан баланың ата-анасының да бейхабар екенін байқауға болады.
Видеожазбада көрінгендей, дәрігер баланың құлақ қуысының ішінен тірі құрттарды алып жатып, оны санап тұр. Баланың қасындағы әйел адам да болған жайды дәрігерге баяндауда.
"Өзіне айт, шыдамаймын деп айт дедім. Мынаны шамалы көндіріп әкеліп тұрмын. Енеме айтсам, енем қолын бір сілтеді. Шешесі келген соң деп. Бүгін жылаған соң бәріне телефонмен шықтым мен. Әкесіне айтпай-ақ қой, әкесі уайымдайды дейді. Әкесі вахтада жұмыс істейді. Әкесіне де шықтым", - дейді баланы дәрігерге алып келген жанашыры.
Тағы оқыңыздар: Төрт бірдей мектеп оқушысын қаққан қытайлық жүргізуші өлім жазасына кесілді
"Миына кетеді ғой мынау, иә шірітіп жібереді де өледі ғой. Тезірек укол салыңдар, антибиотик беру керек, әйтпесе өлтіріп аласыңдар ертең. Мынау деген сұмдық қой, көкем-ау қалай жүрген. Видеоға түсіріп жатырсың ба, ертең мамасы сенбей жүрер. Әлі таусылар емес, әр жағында толып тұр. Пердесін жеп қойған", - дейді дәрігерлер.
Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты мамандарының айтуынша, баланың құлағындағы құрттар етке түсетін шыбынның дернәсілдері болуы мүмкін.
Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты директорының орынбасары, ветеринария ғылымының докторы, профессор Аида Әбдібекованың айтуынша, етке қонатын шыбындар жаз айларында пайда болатындықтан, тұратын жерді үнемі таза ұстау керек.
Тағы оқыңыздар: Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын досы туралы ашық айтты
"Міндетті түрде тамақтың қалдығын тастайтын қоқыс салғыштың бетін жауып отыру, асхананы таза ұстау, ыдысты дер уақытында жуу сияқты күнделікті тұрмыстағы тазалыққа тиісті көңіл бөліп отыру керек. Шыбын өлтіретін арнайы дәрілік заттарды да пайдаланған жөн", - дейді маман.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1552538-balanynh-qulaghynan-40-qa-zhuyq-tiri-qurt-sh/