Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтпаев қаласында 50 жастағы ер адам бес жасар қызды аяусыз зорлап тастаған

Жарияланған күні:

Сәтпаев қаласында тұратын кішкентай қыз 23 шілдеде жоғалып кеткен еді. Сол күні полиция қызметкерлері оны іздеуге кірісті. Олар бүлдіршінді 50 жастағы педофилдің пәтерінен тауып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

ukradeno.com

Педофилдің қолынан құрбан болған қыз туралы ақпарат желіде тарап кетті. Жантүршігерлік жайт кішкентай қаланы аяғынан тік тұрғызды. Сәтпаев тұрғындарының жазуынша, педофил баланы әбден қорлап, 5 жастағы қызды тұрғын үйлердің бірінің кіре берісіне лақтыра салған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндады. Олардың мәлімдеуінше, қызды полиция қызметкерлері 50 жастағы қала тұрғынының пәтерінен тапқан.

Тағы оқыңыздар: Ел алдына жартылай жалаңаш шығудан қымсынбайтын қазақ қыздары кім?

"23 шілдеде Сәтпаев қаласының 40 жастағы тұрғыны кішкентай қызының жоғалғаны туралы арыз түсірді. Полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмысына жұмылдырылды. Аулаларды шолып, аудан тұрғындарынан жоғалған қыз туралы сұрастырылды. Жедел-тергеу тобының пәтерлерді аралап шығуының нәтижесінде пәтерлердің бірінен кішкентай қыз табылды", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, ІІД мәліметі бойынша пәтерден оның 50 жастағы иесі табылған. Ер адам баланы үйге алдап кіргізіп алғанын мойындады. Ол қызды зорлағанын да мойындады. 

"Аталған факті бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - дейді ІІД қызметкерлері. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1564947-satpaev-qalasynda-50-zhastaghy-er-adam-bes/