Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мен оны сүйемін: Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелін татуласу үшін ұрлап кетіп, соққыға жыққан

Жарияланған күні:

Татуласу үшін бұрынғы әйелін алып қашып, соққыға жыққан ақтөбелік азамат істі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Соққыға жығылған келіншек балалары әкесін іздеп, сұрай беретінін айтуда. Ол күйеуіне кешірім беріп, отбасын сақтап қалуды ұйғарған.

Жеті жыл бойы әйелімен жұбы жазылмаған азамат 2015 жылы ажырасып кеткеніне көндіге алмайды. Ол бірінші маусым күні бұрынғы әйелінің соңына түсіп, түскі ас кезінде алып қашады. Әйелін күштеп көлікке отырғызған ер адам оны қала сыртына алып бара жатып, соққыға жыққан.

Көп ұзамай оқиға орнына полиция келіп жетіп, ер адамды қамауға алды.

Тағы оқыңыздар: Министр Қалмұхамбет Қасымов пышақтасқан полицейлер туралы жақ ашпады

"Мен балаларымды, әйелімді сүйемін. Бірінші маусым күні балаларымды көріп, отбасыммен ойын-сауық орталығына барғым келді. Татуласқым келді. Әйелімді көлікке күштеп отырғызғаныммен, онымен әңгімеміз жараспады. Бәрі ажырасуға келіп тіреле берді. Мен жұмыс істеп, балаларыммен жақсы қарым-қатынаста болдым.

Алайда әйелім маған жауап бермеді. Жолай соққыға жықтым. Қанша рет ұрғаным есімде жоқ. Бәлкім үш рет. Кейін әңгімеміз жараспайтынын ұғып, жібере салдым. Мен тек отбасымды біріктіргім келді", - деп ақталды азамат.

Зардап шегуші соттан бұрынғы күйеуін жазаламауды сұрап, отбасын қайта қалпына келтіретінін алға тартты.

"Тоғыз жыл бұрын болған сезімім сөнбеді. Балаларым да әкеміз қайда дегенде, не дерімді білмей қаламын... Бәрі өз орнымен еді. Ол қаржылай көмектесіп, уақытылы алиментін төлеп тұрды. Бұлай боларын білмедік", - деп өкінішін білдірді әйел.

Ерлі-зайыптының ортақ жеті және тоғыз жастағы қыздары бар.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1588928-suyemin-ony-aqtobe-turghyny-tatulasu-u/