ШҚО-да бизнесмен төрт жыл қамауда ұстаған құлын бұзау жоғалғаны үшін айырмен ұрып өлтірді
Жарияланған күні:
ШҚО-да мал шаруашылығымен айналыстан Серік Мамырғалиев есімді бизнесмен төрт жыл қамауда ұстаған құлын айырмен ұрып өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы Бұқара сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай ағымдағы жылдың 11-ақпанында орын алған. Шаруашылықта жұмыс істейтін басқа да жұмысшылардың сөзінше, ШҚО Ұлан ауданындағы Ұзын-Бұлақ ауылында жеке шаруа қожалығы бар 49 жастағы Серік Мамырғалиев (аты-жөндері толықтай өзгертілген) Константин Лихарев есімді азаматты Айыртау тас жол бойынан кезіктіріп, жұмысқа алуға уәде береді.
Алайда фермер айтқан сөзінен айнып, Константиннің не құжатын жасатып бермей, не ақы төлемей төрт жыл бойы тегін құлдыққа жеккен. Қатыгез басшы іздеуі жоқ азаматты болар болмас нәрсеге ұрып-соғып, қорқыту арқылы жұмсапты.
Оқиғаға куәгер болған жұмысшының бірі Владислав Данилов сотта куәгер болып, кәсіпкердің іздеуі жоқ құлды айырмен ұрғанын, ішінен тепкілегінін айтты.
Қасына барған жұмысшылар қаһарлы басшының ашуынан қорқып, оларды ажыратпаған. Артынша зардап шегуші өзге жұмысшыларға Серіктің өзін не үшін ұрғанын айтып беріпті.
49 жастағы бизнесмен жұмысшыны қора ішінен қашып кеткен бір бұзау үшін итше сабапты. Осы соққыдан кейін Константин Лихарев үш күн бойы өзін жайсыз сезініп, жұмыс істеуге шамасы болмай, жатып қалады. Артынша бизнесменнің туыстары оны Өскемендегі №1 ауруханаға апарғанымен, Костя үш күн жатып, дәрігерлердің қолында көз жұмған.
Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысындағы қоныс колониясынан алты бірдей сотталушы қашып кетті
Сараптама кезінде белгілі болғаны - ауыр соққы кезінде Константинның жеті қабырғасы, кеуде қуысы, қолы және басқа да дене мүшелері сынып, іш-құрылысы зақымдалған. Сондай-ақ, аяғындағы бір башпайын да біреу әдейілеп кесіп алған екен.
Сот барысында бизнесмен өз кінәсін мойындамай, Константинге ай сайын 20 мың теңге жалақы төлеп, торт пен шұжыққа дейін беріп тұрғанын айтқан. Ол аттан құлап, шашаның астында қалып жарақат алды деп ақталған. Алайда, шаруа қожалықта жұмыс жасайтын өзге азаматтардың куәлігінің арқасында құл иеленуші 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Серік Мамырғалиевқа Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағымен (адамды сатып алу, сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау, не азғырып көндiру, тасымалдау, жасыру, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер – абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу) айып тағылып, кінәсі толық дәлелденген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1618436-shqo-da-biznesmen-tort-zhyl-qamauda-usta/