Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кемероводағы өртте отбасынан айырылып қалған азамат жан жарасымен бөлісті

Жарияланған күні:

Кемерово тұрғыны Игорь Востриков жантүршігерлік өрт кезінде үш баласы мен әйелінен, қарындасынан айрылған. Бұл туралы Комсомольская правда басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: vk.com
Фото: vk.com: UGC

Жеті жасар Аня, бес жасар Артем мен екі жасар Рома аналарымен және әпкелері Аленамен бірге төртінші қабаттағы кино залында қамалып қалған.

Игорьдің айтуынша, оған әйелі Лена хабарласып, жан ұшыра көмек сұраған.

"Олар есікті аша алмады" дейді көзіне жас алған Игорь.

Игорьға әйелі қоңырау шала салысымен, оның анасы төртінші қабатқа көтерілген. Алайда ондағы кино залының есігі жабық болыпты.

Азамат есік ашық болғанда, өзінің жақындарын құтқаруға болатын еді дейді. Қазір Кемеровода қаза болғандарды тану жұмыстары жүргізілуде. Бірақ олар қатты жанып кеткендіктен, адамдарды тану қиынға соғады екен.

Фото: vk.com
Фото: vk.com: UGC

Игорь өзінің жақындарынан түгел айырылып қалғанына әлі де сене алмай отыр. Тіпті, олар туралы әлі туру жүргендей айтады.

"Әйелім үй шаруасында. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Тұңғышым Анечка, бірінші сыныпты бітіріп жатыр. Ол өте әдемі, әрі мейірімді. Ал қарындасым Алена 23 жаста. Екі жоғары оқу орнын бітірген. Өмірі енді ғана басталған еді", - дейді ол.

Еске салсақ, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында орын алған жантүршігерлік өртте қаза болғандар саны 64 адамға жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1723275-kemerovodagy-rtte-otbasynan-ajyrylyp-kalgan-azamat-zan-zarasymen-blisti/