16 жасымда мектептегі мұғалім зорлады: Қазақ қызы жан сырын айтып жылады
Жарияланған күні:
NUR.KZ редакциясының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне 18 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны хабарласып, өзінің жан жарасымен бөлісті. Осыдан екі жыл бұрын мектептегі мұғалімім зорлап кетті деген ару өзіне ешкімнің сенбей қойғанын айтып жылады.
Жамбыл облысына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 18 жастағы Айдананың (ред. - есімі өзгертіліп берілді) осы күнге дейін іштей жанын жеген мұңы бар. Айтуынша, екі жыл бұрын, 26 қазан күні оны өзі оқитын мектептегі мұғалім зорлап кетіпті. Ал содан кейін жасөспірімді қорқытып, біреуге айтсаң, елге қарабет қыламыy деп, сес көрсеткен.
"1993 жылғы мектептегі мұғалім жігіт маған әлеуметтік желіде жазып жүріп, кездесуге шақырды. Өмірімде жігіттен хат алып көрмеген мен, аузым ашылып оған шықтым. Ол сырт көзге жуас алдам болып көрінетін.
Бірақ барлығы олай болмай шықты. Ол мені бір шет жақтағы далаға апарып, зорлап кетті. Қанша қарсылық танытқаныммен қарсыласуға әлім келмеді", - деп жылады ару.
Ең сорақысы, Айдананың айтқан сөзіне ешкім сенбей қойыпты. Ол құқық қорғаушыларға шағымданбақ түгілі, айналасындағылардан ұрыс естіп, таяқ та жеген.
"Мектеп инспекторына айтқанымда, ол әлгі жігітті шақырып алды. Ал мұғалім болса, мені тіпті танымайтынын айтып, басын ала қашты. Инспектор соған сеніп, бұл істі тыныш жаба салды. Анама айтқан едім, бәріне өзің кінәлісің деп, темірмен сабап тасады", - дейді.
Осыдан кейін амалы таусыллған ару бар мұңын ішіне бүгіп жүре берген. Ал әлгі жігіт мектепте әлі күнге дейін сабақ береді деп отыр.
"Өмірді жек көріп кеттім. Тіпті мектепті бітіру кешіне де бармадым. Содан кейін Алматыға барып, біраз уақыт жүмыс істедім.
Қанша қиналсам да, адал жолмен нан тауып, жаман жолға түсіп кетпеймін деп өзіме уәде бердім", - деп ақтарылған Айдана, осы жағдайдан кейін көп уайымдап, түрлі ауруларға шалдығыпты.
Жастығын пайдаланып, өзіне зорлық көрсеткен азаматтардың түк болмағандай жұмысын жалғастырып жүргеніне ашынған бойжеткен, кеш те болса олардың жазаланғанын қалаймын дейді.
"Қазір бәріне кеш те шығар. Менің ес тоқтатып, іштегі қорқынышымды жеңуіме екі жыл уақыт кетті. Заңды білетін барша халықтан көмек сұраймын. Мені зорлаған адамдардың қылмысын дәлелдеу мүмкін бе? Сондай-ақ, менің оқиғам барлық қыздарға сабақ болса екен деймін. Ешқашан танымайтын адамға сенбеңіздерші", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724190-16-zasymda-mekteptegi-mgalim-zorlady-kazak-kyzy-zan-syryn-ajtyp-zylady/