Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал экстрасенс: Қытай, АҚШ секілді елдер су астына кетеді

Жарияланған күні:

Танымал қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова әлемде, елде болатын жағдайларға қатысты да ойын білдірді деп жазады NUR.KZ.

Фото: yk-news.kz. Авторы: Юлия Горбачёва
Фото: yk-news.kz. Авторы: Юлия Горбачёва: UGC

Экстрасенстің айтуынша, елімізде 2024 жылы тұрақтылық орнап, жақсылықтар көбейе түседі. Алайда ол уақытта әлемде де өзгерістер болыып, алпауыт Қытай мен АҚШ секілді елдер су астына кетеді екен.

"Мен 2011 жылы біз нөлдік деңгейге түстік деп айтқан болатынмын. Қазір біз басқа уақытқа кіретін дәлізде тұрмыз. Негізі бәрі жақсы болатын уақыт 2024 жылдан кейін. Оған дейін әртүрлі жағдайлар болады. 2024 жылы тұрақтылық орнап, жақсылықтар көп болады. Сәл шыдамдылық танытуымыз керек. Оған дейін өлетін адамдар өліп кетеді. Аз адам қалу керек. Біз соған келе жатырмыз.
Мен елдегі саяси жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын. Тек бәрінің жақсы болатынын көремін. 2024 жылға қатысты ойым тек Қазақстанға қатысты емес. Жалпы жер бетіндегі жағдай тұрақталады. Сол кезде табиғи апаттар да тоқтайды. Қытай, Америка секілді елдер су астына кетеді. Өзгерістер көп болады. Басқа планета пайда болады. Алдымызда көп қызықтар күтіп тұр", - дейді көріпкел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1745835-tanymal-ekstrasens-kytaj-aks-sekildi-elder-su-astyna-ketedi/