Қостанайда аяусыз өлтірілген қыздың анасы нағыз қылмыскердің ұсталғанына күмәнданып отыр
Жарияланған күні:
Адам қолынан қаза тапқан 18 жастағы Дарья Махартованың анасы тергеу жұмыстарына күмәндануда. Ольга Покатаева қызының өліміне қатысы бар күдіктінің ұсталуынан кейін, тәртіп сақшылары онымен байланысқа шықпай қойғанын айтты деп жазады 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Марқұмның анасы қызының өліміне қатысты тергеу жұмыстары туралы ол БАҚ өкілдерінен ғана естіп отыратынын айтты. Әйел адамның мәлімдеуінше, полицейлер одан қашқатап, тергеу амалдарының қалай өрбіп жатқанын хабарламайтын болып шықты.
"Мен қатты күмәнданудамын. Меніңше, полицейлер өз әріптестерін бұл істе арашалап алғысы келетін сияқты. Олар қызымның тірі кезінде оқиға орнында болса оларды қатаң жазалау керек", - деп ашынды ана.
Bnews.kz сайтының мәлімдеуінше, Ольга Покатаева қызын асқан жауыздықпен өлтіргенін де айта кетті. Қайғыдан қан жұтқан ана бұл әрекетке есі дұрыс адам бармайды деген пікірді ұстанады.
Оның ойынша, қылмыскер өз ісін алдын ала жоспарлап қойған. Оған қоса, келіншек тергеу жұмыстары кезінде шынайы қылмыскердің ұсталғанына күмәні бар екенін де жасырмады.
"Осы күнге дейін маған ол адамның қылмысын растайтын бір жөнді дәлел-дәйектерді ұсынған жоқ. Мен 95%-ға күмәнданудамын", - деп айтты ол.
Дарья Махартованың анасы тергеу жұмыстарның әділетті өткені мен қылмысқа қатысы барлардың қатаң жазаланғанын қалайды.
Ал облыстық ІІД-нің мәлімдеуінше, іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Алдағы уақытқа сот 30 медициналық сараптама тағайындап қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1746135-kostanajda-aausyz-ltirilgen-kyzdy-anasy-nagyz-kylmyskerdi-stalganyna-kmndanyp-otyr/