Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Ақша берді": Түркістан облысында қайын атасы келінін екі жылы бойы зорлаған

Жарияланған күні:

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде қайын атасы келінін зорлаған. Екі жылдан бері келінімен төсектес болып келген қарт кісіден түсініктеме алған полицейлер істі қысқартыпты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ақша берді": Түркістан облысында қайын атасы келінін екі жылы бойы "зорлап" келген
Көрнекі фото: sputnik-abkhazia.ru: UGC

Сұмдық жағдай облыстағы ауылдардың бірінде болған. Үш жыл бұрын келін болып түскен азаматшаға қайын атасы алғашқыда қырындап жүрген.

Кейін үйдегі қарт кісі ұлының мүгедектігін пайдаланып, келінін екі жылдан бері төсекке тартып келген.

"Күйеуім мүгедек. Ақыл есінде кемістік бар. 2015 жылдың желтоқсан айында қайын атам күйеуім жоқ кезде үйге кіріп келіп, мені төсекке мәжбүрлеп итермеледі.

Менімен төсектес болуы үшін алғашқыда ақша беріп тұратын. Кейін ақша бермей қойды.

Екі жылдан бері менімен төсектес болып жүргеніңді тірі жанға айтып қойсаң, "үйден қуып жіберемен" деп қорқытып келді. Амалсыздан полицияға барып арыздандым", -дейді қайын атасы зорлаған келіншек.

Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды тексере келе істі қысқартыпты. Қарт кісінің сөзінше, келіні онымен өз еркімен төсектес болған көрінеді.

Әрі қайын атасы осы күнге дейін келіні мен мүгедек ұлына қарайласып, қаржылай көмек беріп келгендігін айтқан.

Қайын атасымен төсектес болған келіншек күйеуімен ажырасып кетіпті. Қарт кісі мен келіннің арасындағы сұмдық жағдай туралы бүкіл ауыл тұрғындары хабардар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747721-aksa-berdi-trkistan-oblysynda-kajyn-atasy-kelinin-eki-zyly-bojy-zorlagan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 13

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Нари1990

келини атасынын конилин таба алатын келин болып тур гой

Comment reaction

КАН

акимат қайда қарап отыр))))

Comment reaction

Ягуар

Екі жыл зорлап, ақша беріп отырса ,бұл, сатып алу ғой.

юпитер

каждый человек должен себя защищать от насилия, она должна была в первый раз не допустить изнасилование, а убить этого подонка, а правоохранительные органы должны были доказать её НЕВИНОВНОСТЬ и оправдать!

Konirat

мұндай да болады екен😮

Konirat

мұндай да болады екен😮

Сиязбек

Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді.

Радость

дура! Молчала, значит, соглашалась...

қыпшақ

тағы да сол баяғы түркістан облысының қазақ ауылдары аттарыңды жақсылап шығарып жатырсыңдар

Gabit_m

Басқа облыс тыныш және ешкандай қылмыс немесе зорлау болмайды деп кім айтты саған,

Candy

көргенсіз шал! мүгедек адамды баска жұртта пайдаланбай қайтсын туған әкесі пайдаланып келгенде. есі дұрыс бала болса әкесінің басын жарып қояр еді

Жаннар

Седина в бороду, бес в ребро.

Foreigner

М-да, бул маскарага да кытайлар кiналi ме екен😀

jitsu gif