Түркістан облысында ер адам өзінің үш жасар қызын зорлап, өлтірді
Жарияланған күні:
Түркістан облысында 40 жастағы ер адам үш жасар өз қызын зорлап, кейін қасақана өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.
Жұрттың жағасын ұстатқан бұл жағдай қазан айының 6-сы күні болған.
1978 жылы туған ер адам мас халде туған перзентін айуандықпен азаптап, мерт еткен. Күдікті оқиға болған жерде-ақ қамауға алынды.
Қазан айының 8-і күні сот санкциясымен қаныпезер әке тергеу уақытында екі ай мерзім қамауда болады.
Күдіктіге ҚР ҚК нің 120 бабының, 2-ші бөлігі "кәмелетке толмағанды зорлау" және 99 бабының 3,5,14-ші бөліктерімен "шарасыз халдегі, кәмелетке толмаған тұлғаны қасақана өлтіру" бойынша айып тағылуда.
Белгілісі, әкесі зорлап, қорлап өлтірген үш жасар қыз бала отбасындағы жалғыз перзент болған.
Күдікті бұрын сотты болмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1757093-trkistan-oblysynda-er-adam-zini-s-zasar-kyzyn-zorlap-ltirdi/