Алматыда танымал БАҚ өкілдері отырған ғимараттан адамдар эвакуацияланды (фото)
Опубликовано:
Белгісіз біреу КТК арнасының редакциясына Республика алаңы, 13 мекен жайындағы ғимаратқа жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

"Белгісіз адам КТК арнасының редакциясына қоңырау шалып, телеорталық ғимаратының ішіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде хабарлаған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел түрде жетіп, орталық қызметкерлерін эвакуациялады.

Ғимарат маңындағы бардық көліктер қауіпсіз жерге қарай көшірілді. Кинологтар бомбаны іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Оған қоса, жарылғыш зат жөнінде хабарлаған адамның кім екені де анықталып жатыр, - деді департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1764930-almatyda-tanymal-bak-kilderi-otyrgan-gimarattan-adamdar-evakuacialandy-foto/