Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқасты соққыға жыққан ақтөбелік дәрігер жаға ұстатты (видео)

Опубликовано:

Ақтөбелік дәрігерлер тағы да шулатты. Бұл жолы ақ халаттылар көмек сұрап барған тұрғынды ұрып жіберген. Бұл жағдай Instagram парақшасында жария болғаннан кейін белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Фото:Видеодан скриншот: Facebook
"Ақерке деген дәрігер дөрекі сөйледі. Жүйке аурулар ауруханасынан дәрігер шақыратынын айтты. Күліп мазақ қылып отырды. Мен видеоға түсіре бастадым. Қасыма келіп бетімнен ұрды,  құлап қалдым. Дәрігер қасындағы адамдарға телефонымды алып, видеоны өшір деп айтып жатты. Мен тағы да ұрмасын деп шашынан қысып ұстап алдым", - дейді өзін  Эльмира Жетпісбаева деп таныстырған тұрғын.

Видеодан дәрігердің көмек сұрап барған науқасты сабырға шақырудың орнына жағдайды ушықтырып, күліп, тіпті, қол көтергенін де көруге болады. Видеоның астына пікір қалдырған тұрғындар дөрекі дәрігерді жұмыстан шығаруды талап етіп,  денсаулық сақтау басқармасының жағдайды бақылауға алуын сұрап жатыр. Желіде тарап кеткен жағдайға байланысты денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсіндірді.

"14 желтоқсан күні 1995 жылғы тұрғын жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне №1 ауруханадан жеткізілген. Науқас кезекші неврологтың тексеруінен өткен. Дәрігер науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасамаған. Осы оқиға негізінде  ауруханада ішкі тексеріс жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды",- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1768914-naukasty-sokkyga-zykkan-aktbelik-driger-zaga-statty-video/

pixel