Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айзат Әбдісамат қаза тапқан лифтіге жауапты механик бостандыққа шықты

Жарияланған күні:

Осыдан біраз уақыт бұрын Ақтөбеде көп қабатты үйлердің біріндегі лифт істен шығып, журналист Айзат Әбдісамат жедел сатыға қыстырылып, қаза тапқан болатын. Осы қазадан кейін төрт жылға сотталған лифтер-механик Жарылқасын Ақжановқа шыққан үкім өзгеріп, оның жазасы бас бостандығын шектеумен алмастырылған деп хабарлайды aktobenews.kz.

Айзат Әбдісамат. Фото: aktobetv.kz
Айзат Әбдісамат. Фото: aktobetv.kz: Instagram
"Апелляциялық шағымнан соң механик Жарылқасын Ақжановтың жазасы бас бостандығын шектеумен алмастырылған. Апелляциялық алқа қаулысы 27 желтоқсан күні күшіне енді", - деп хабарлады облыстық сот.

Биыл 19 қазан күнгі қалалық сот үкіміне сай кісі өлімі болған көпқабатты үйге жауапты "Жаңабек -Сервис" пәтер иелері кооперативінің төрағасы Кенен Жаңабеков 4 жылға шартты түрде сотталған.

Судья үкім шығарарда "Жаңабеков кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрағанын, моральдық шығындарын өтегені ескерілгенін" айтқан.

Ал жалдамалы меxаник Жарылқасын Ақжанов 4 жылға сотталып, сот залынан қамауға алынған болатын.

Бірақ Ақжанов жарыссөзде өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген және сот үкімімен келіспеген. Кейін апелляциялық шағым түсірген.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Ақтөбе қаласындағы 12-ықшамауданындағы он қабатты №19 үйдің 2-подъезінде биыл 4 сәуір кешкі сағат тоғыздар шамасында болған.

Үйдің алтыншы қабатында тұратын жергілікті телеарна журналисі Айзат Әбдісамат лифтіде қысылып қалып, қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771258-ajzat-bdisamat-kaza-tapkan-liftige-zauapty-mehanik-bostandykka-sykty/