Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп оқушысын тонап кеткен ұры тұтқындалды (фото)

Жарияланған күні:

Алматыда автобус ішінде мектеп оқушысының телефонын ұрлады деп күдіктелген 35 жастағы ер адам тұтқындалды. Анықталғандай, азамат Алматыға Маңғыстау облысынан келген. Бұл жөнінде қаланың полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті: UGC

Алматыдағы Алмалы аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары күдіктінің кім екені біпден анықталғанын айтты. Алайда, оны тұтқындау үшін біраз уақыт қажет болған.

Тәртіп сақшылары ер адамды сенбі күні кешкі уақытта ұстаған. Қазіргі уақытта тергеушілер одан жауап алуда. Өз қылмысын күдікті мойындады.

"Кішкентай қыздан ұрлап алған ұялы телефоннан ер адам құтылып үлгерген. Қазір телефон құрылғысының қайда екенін анықтау үшін тиісті шаралар басталып кетті. Оған қоса, күдіктіден пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қосылды" , - деді подполковник Тұрғаналы.

Сонымен қатар, тәртіп сақшысы жаңа мәліметтерді ескере отырып, істің ұрлықтан аса ауыр бапқа ауыстыру шарасы қарастырылып жатқанын жеткізді.

Полицияның мәлімдеуінше, тұтқындалған азамат бұған дейін жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда, оны басқа да ұқсас қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

Одан жауап алу барысында басқа өңірден келген азаматтың дәл сол күні қайырымдылыққа арналған жәшікті тонап кеткені анықталды. Оқиға Абылай хан даңғылында орналасқан дүкендердің бірінде орын алған.

Ол жәшікті дүкенге орнатқан имам табылып, құқыққорғау органдарына арыз түсірмек.

Айта кетейік, бұған дейін автобуста мектеп оқушысының ұялы телефонын ұрлап кеткен ер адам туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772866-almatyda-mektep-okusysyn-tonap-ketken-ry-ttkyndaldy-foto/