Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бульдозер автобусты соқты: Оралда көктайғақтан жаппай жол апаты болды

Жарияланған күні:

Оралда ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Полицейлер жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрайды. Жылдамдық режимін сақтамау қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

15 қаңтарда таңғы 10-ға жуық "Жұлдыз"шағын ауданында орналасқан Алаш және Евразиялық көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды.

33-ші бағыттағы "ПАЗ" жолаушылар автобусы мен бульдозер соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шеккен 10 жасар бала мен 23 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды.

"Мен басты жолмен кетіп бара жаттым. Бульдозер жүргізушісі тежегіші жұмыс істемей қалғанын мойындады. Екі жолаушыны жедел жәрдем алып кетті",- деді автобус жүргізушісі Анатолий Аксютин.

Тағы бір жол апаты Деповская көшесінде болған. Онда "Мерседес" пен "Лада" көліктері соқтығысып қалыпты.

Жүргізушілер бұл апатқа байланысты ешқандай пікір білдірмеген. Енді оқиғаға себепкер болған азаматтарды полицейлер анықтайтын болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Ауа райы өте қолайсыз. Тұман, көктайғақ. Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен ара қашықтықты ұстап отыру керек", -деді Орал полиция басқармасының қызметкері Азамат Намазов.

Полицияда соңғы бірнеше күн ішінде материалдық шығыны бар 25-тен астам жол-көлік оқиғасы орын алғанын атап өтті.

Ал қала әкімдігінде коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейтіндігін хабарлады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оралда 100-ден астам ПИК төрағаларына аула аумағындағы мұздан тазалау үшін құм-тұз қоспасы тегін берілген.

Жолдар мен тротуарларды қар мен мұздан тазартумен 100-ден астам арнайы техника мен 300 жұмысшы бар коммуналдық қызмет айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773341-buldozer-avtobusty-sokty-oralda-kktajgaktan-zappaj-zol-apaty-boldy/