Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында фабрика директоры өз қызметкерін өлтірді деп күдіктелуде

Жарияланған күні:

Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі "Қазақалтын" ЖШС-не қарасты кен байыту фабрикасының директоры кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Dp.ru
Фото: Dp.ru: Facebook

Бестөбеде орналасқан кен байыту фабрикасының директоры лаборантты үйіне жеткізіп тастағаннан соң, 37 жастағы әйел ауруханаға түсіп, көз жұмған.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, фабрикасының 33 жастағы директоры екі айға қамауға алынған. Судья тергеушінің кәсіпорын басшысын уақытша тергеу изоляторына тоғыту туралы хаттамасын қанағаттандырған.

"Істің материалдарымен танысқан судья мұндай шешім қабылдауға толықтай негіз бар деп есептейді. Ер адамның бой тасалауы мүмкіндігі және жұмыс орнынан теріс мінездеме берілгені, сондай-ақ, оның ҚР ҚК  106-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін күдікке алынғаны ескерілді.
Аталмыш құқықбұзушылық ауыр қылмысқа жатады. Бұл бап бойынша 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін", - деді баспасөз қызметі.

Степногор орталық қалалық аурханасының бас дәрігері қайтыс болған келіншектің алған жарақаты жайлы ақпарат беруден бас тартты. Данияр Қинаятов марқұмның көліктен секіру кезінде жарақат алу мүмкіндігі де тергеу мен сот-медициналық сараптаманың құзырында екенін жеткізді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың өлімінен кейін ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкелген, денсаулығына қасақана ауыр зардап келтіру) ауыстырылды. Бұл санкция бойынша күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда, ол 8-12 жылға дейін сотталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773646-akmola-oblysynda-fabrika-direktory-z-kyzmetkerin-ltirdi-dep-kdiktelude/