Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторды ақтық сапарға шығарып салды
Жарияланған күні:
Қарағанды облысында браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевті ақтық сапарға шығарып салды. Ер адамды киіктерді атып пайда тапқандар өлтіріп кеткен деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ұзақ жылдар бойы қызыл кітапқа енген жануарлар өмірін қорғаған инспектормен қош айтысуға жүздеген адам келген.
Ерлан Нұрғалиев қызметі аясында өзі күресіп келген браконьерлер қолынан қаза тапқан.
Оқиғаға қатысты қылмыстық істе жалғыз куәгер болып отырған марқұмның әріптесі Петр Ницык, өздеріне шабуылды үш адамның жасағанын айтты. Бұзақылар инспекторларды аяусыз соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Петр Ницык өзі жарақат алып қалса да, қан-жоса болып жатқан досына барынша көмектесуге тырысқан.
Браконьер шабуылына тап болған инспекторларды бірнеше сағаттан соң бір-ақ тапқан. Ол кезде Ерлан Нұрғалиевтің жағдайы одан бетер нашарлап кеткен.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев адам өліміне кінәлі браконьерлердің жақтастары бар болуы мүмкін екенін айтты.
Оған қоса, министрлік табиғатты қорғау мекемесі қызметкерлерінің заңнамалық жүйесін ретке келтіру қажет екенін алға тартты.
"Егер браконьер тас жолға шығып кетсе, оларды тоқтатуға табиғат қорғаушысының құқығы жоқ. Бұл өте күрделі заңнамалық қателік" , - деді вице-министр.
Екі инспектор де батылдық танытқаны үшін марапатталды. Ерлан Нұрғалиев мемлекеттік марапатты қайтыс болып бір-ақ алды.
Дереккөз: КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773873-brakonerler-kolynan-kaza-tapkan-inspektordy-aktyk-saparga-sygaryp-saldy/