Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаркентте студенттерді ұрып-соққан мұғалім олардан кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Жаркентте колледж мұғалімі өзі ұрып-соққан студенттерінен кешірім сұрап, неліктен бұлай жасағанын түсіндіріп берді деп жазады "Еуразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Елеусіз Бейсембаевтың айтуынша, ол осы топтың кураторы болған.

Сол күні студенттері ұстазының "сабаққа барыңдар" деген талабын орындамай, өз істерімен кетіп қалған.

"Олардың бұл әрекеті менің көңілімді қалдырды. Мен оларды ұрдым. Бірақ күш қолданбадым. Оларға ешқандай да зиян тимегенін сол күнгі медициналық сараптама да растады", - деп түсіндірді ұстаз.

Сондай-ақ колледж мұғалімі бұл іске өкінетінін айтып, студенттер мен олардың ата-анасынан кешірім сұрады.

Ал Жаркент көпсалалы колледжінің басшылығы сол күні Бейсембаевті қызметінен босатқан. Мекеме басшысы Зағира Омарбекованың өзі бұл іске әлі күнге сенбейтінін айтты.

"Мен оны сабырлы, ұстамды адам ретінде мінездей аламын. Ол кісінің мінезі өте жақсы. Ал болған оқиғаның қалай орын алғанын әлі күнге түсіне алмай жүрміз", - деді мекеме басшысы.

Айта кетейік, студенттердің ата-анасы Елеусіз Бейсембаевтің үстінен "кәмелетке толмағандарға қоқан-лоққы көрсеткені" үшін арыз жазған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Колледж мұғалімінің студенттерін ұрған видеосы желіге таралып кеткен болатын.

Алайда желі қолданушылары мен елге танымал тұлғалар ұстазды жақтап шықты. Олар қазіргі балалардың тың ерке екенін айтып, тәртіпке бағынбаған студенттерді кінәлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774046-zarkentte-studentterdi-ryp-sokkan-mgalim-olardan-kesirim-srady/