Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челах бар шындықты айтпады": Арқанкергенде қаза болған сарбаздың анасы ұлының өліміне сенбейді

Жарияланған күні:

"Арқанкерген" шекара бекетінде қайтыс болған Денис Рейдің анасы Татьяна сотталған Владислав Челахтың өтінішін Жоғарғы соттың қайта қарап жатқанын қалай қабылдағанын айтты. Сонымен бірге, ол 15 адамның өліміне қатысты пікірін де білдіріп өтті деп жазады Sputnik Қазақстан.

azattyq.org
Фото:azattyq.org: UGC
"Бұл ұлыма қатысты. Әлі күнге дейін оның қайда екенін, оған не болғанын білмеймін. Челахтың өтініші қаралатынын барлық ата-анаға хабарлады. Білуімше, онда ешкім барған жоқ. Жаңалықты БАҚ-тан біліп отырдық. Мен сот шешімі өзгеріссіз қалатынына сенімді едім", - деді Татьяна Рей.

2012 жылы 28 мамыр күні қазақ-қытай шекарасындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде қанды қырғын болды. 

Шекарашылармен байланыс кенеттен үзілгеннен кейін Арқанкергенге жіберілген жасақ шекара бекетінің түгі қалмай жанып кеткенін көреді. 

ҰҚК-не қарасты шекара қызметі өртенген ғимараттан шекарашылар мен бір қорықшының мәйітін тапқан.  

Әуелде шекарашыларға белгісіз біреулер шабуыл жасады деген болжам айтылса, бірнеше күннен кейін шекара бекетінен 24 шақырымда орналасқан қыстаулардың бірінде 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Тергеушілер Челах бәрін жайратып салып, осыдан кейін мәйіттерді өртеп жібергенін анықтады.

Арқанкергендегі өрт көптеген дәлелдер мен қаза болғандардың мәйітін жойып қана қоймай, қаза болғандардың туыстарын үмітсіз қалдырды.

ДНҚ сараптамасы барлық сарбаздың кім екенін анықтай алмады. Қазақстандық мамандар тек 11 әскери қызметшіні анықтаса, қалғанын шетелдік мамандар анықтады.

Павлодар облысы Успенка селосының тұрғыны Денис Рейдің мүрдесін анықтау мүмкін болмады. Оны жақындарына "сүйегі жиынтық дәлелдемелер негізінде анықталды" деген қаулы табысталған.  

Алайда Татьяна Рей әлі күнге дейін өмір бойына түрмеге қамалған Владислав Челах шындықты жасырып отыр деп санайды.

"Арқанкергендегі оқиға ұлдарымыздың ғана емес, аналардың да өмірін алып кетті. Өйткені біз дәрінің көмегімен ғана өмір сүріп жүрміз. Ақылым бұл қанды қырғыннан ешкім аман қалмады десе, жүрегім қашып кеткендер болды деген әңгімелерді тыңдайды", — деді Татьяна. 

Оның айтуынша, соңғы жеті жылда Рейдің отбасына қатысты көп қауесет тараған.

Мысалы, ол қайтыс болған ұлы үшін өтемақы талап етпеген, себебі оған мұндай жолмен келген ақша қажет емес. Бұл Челахтың қорғаушысы Серік Сарсеновтың бастамасымен жасалған екен. Сондай-ақ Денистің қабірін қорлау әрекеттері болмаған, өйткені оның моласы да жоқ.

Туыстары күл Дениске тиесілі екенін нақты білмегендіктен, оны жерлеуден бас тартқан.

Татьяна марқұм ұлының сүйіктісі Кристинамен әлі күнге дейін араласатынын айтты. Қазір бойжеткен ол үшін туғанындай болып кеткен. 

"Оған "жеті жыл өтті, тұрмысқа шық" деймін, ол болса, дайын емес екенін айтады. Осы уақыт ішінде біздің естімегеніміз жоқ: мен Денистің қайда екенін біледі екенмін. Кристина оның соңынан Қытайға кетті деген алып-қашпа сөздер болды", — деді Татьяна.  

Марқұм шекарашының анасы туған ауылы Успенкада ұлының құрметіне жарыстар ұйымдастырылмай кеткенін, оның денсаулығы мен өмірі ешкімге қызық емес екенін айтып қынжылады.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Астана қаласында Владислав Челахтың өтінішін қараған болатын Жоғарғы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот бір сағатқа созылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774921-celah-bar-syndykty-ajtpady-arkankergende-kaza-bolgan-sarbazdy-anasy-lyny-limine-senbejdi/