Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігердің не жазып бергенін түсіне алмаған ШҚО тұрғыны жұрттан көмек сұрады (фото)

Жарияланған күні:

Шығыс Қазақстан облысында дәрігердің жазуын түсінбеген келіншек желіде жұрттан көмек сұрады. Медициналық картаның суреті қалаға арналған бірнеше парақшаларда жарық көрді деп хабарлайды Устинка LIVE сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ustinka LIVE/ Әлеуметтік желілер
Фото: Ustinka LIVE/ Әлеуметтік желілер: Instagram

Ол желі қолданушыларынан баланың медициналық картасына дәрігердің не жазғанын көріп беруді сұраған.

"Бүгін баламмен бірге ауруханаға бардық. Оның тамағы ауырып, ыстығы көтерілді. Міне, дәптердегі жазу. Дәрігердің не жазғанын түсіне алар емеспін. Мен одан түсінікті болу үшін қайта жазуды өтінген едім. Ол маған дәл сондай қағаз берді. Артынша дәріханаға барсам, фармацевттің өзі онда не жазылғанын біле алмады. Енді не жазғанын оқи алмай отырмыз. Біреу оқи алатын шығар", - деді келіншек.

Желі қолданушыларының бірі диагнозды латын әліпбиінде жазылған деп болжады. Ал екіншілері "жедел гайморит" пен "мұрын мен шырышты қабығының рентгенографиясы" сынды жаузуларды көргенін айтқан.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мұндай қиындықтарға тап болмас үшін жаңа технологияларға сенім арту қажеттігін ескертті.

"Кез келген адамның қалыптасқан жазу үлгісі бар. Мұндай мәселе туындамас үшін дәрігерден диагнозды компьютерден шығарып, қол қойып, мөр басуды сұрау керек", - деді Ілияс Мұхамеджан.

Әрине, түсініксіз жазумен таң қалдыратын тек ШҚО дәрігерлері емес. Сондықтан, жұрт сандық форматқа ауысу медицинадағы бұл мәселені шешуге септігін тигізеді деп үміттеніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776021-drigerdi-ne-zazyp-bergenin-tsine-almagan-sko-trgyny-zrttan-kmek-srady-foto/