Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қанына тұншықты": ШҚО-да жесір әйелді марқұм күйеуінің ағасы зорлап тастаған

Опубликовано:

2019 жылдың қаңтар айында Өскемен қаласында жантүршігерлік жағдай орын алған. Оқыста жұбайынан айырылған әйел араға бірнеше уақыт салып, оның туыстарын көруге барады. Сол үйде келіншекке марқұм күйеуінің ағасы өз еркінен тыс сексуалдық зорлық көрсеткен. Бұл ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі "Немолчиkz" тобында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: akcenty.com.ua
Көрнекі фото: akcenty.com.ua: Facebook

Адам шошырлық бұл оқиға таңға жуық болған.

"Таңғы төрттер шамасында әйел барған үйдегі келіншек жұмысқа кетеді. Дәл сол уақытта келіншекке марқұм күйеуінің немере ағасы тап берген. Осыған дейін сотталған азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығып, пробациялық қызметтік бақылауында жүрген екен.

Одан бөлек, сексуалды әрекетке барған күдікті наркотәуелді және АИТВ жұқтырған болып шықты. Ол қатты нәрсемен, мүмкін жұдырықпен әлде басқа затпен ұйықтап жатқан әйелдің кеңсірігінен ұрып жібереді.

Бір соққыдан кейін келіншектен қан тоқтамай қояды. Ол өз қанына өзі тұншығып жатқанда күдікті оны шешіндіріп, зорлап тастаған.

Шок жағдайында болған әйел қанға тұншығып қалудан қорқып, қатты жылап, өзін жіберуді сұрайды. Ал арам пиғылды күдікті ісін бітірген соң оны жуынуға мәжбүрлейді.
Азаматтың үрейлі көзқарасынан қорыққан келіншек өзін өлтіреді деп ойлаған. Осылайша, көзі жасқа малынған әйел болған жағдайды ешкімге айтпайтынын, түнде түрін ешкім көрмейтіндіктен өзін жіберуін сұрайды. Осы кезде күдікті оған бас салып айғайлап, үнін өшіруді бұйырған",- дейді "НемолчиKZ".

Үсті қан-жоса болған әйел ұялы телефонсыз, сыртқы киім мен ақшасыз тысқа қашып, түнгі дүкенге барады. Алайда, дүкенді былғайсың деген кассир әйел оны сыртқа қуып шыққан.

"Абырой болғанда, келіншекке көшедегі бейтаныс адам қол ұшын берген. Ол жәбірленушіге әпкесіне қоңырау шалуға көмектесіп, полиция мен жедел жәрдем шақырады. Әйелден ауыр бас сүйек-ми жарақатын, түрлі сынықтарды анықтапты", - деп жазады топта.

Бұл жағдайға қатысты ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Өскемен қаласы Полиция басқармасының Үлбі ПБ-нің өндірісінде 32 жастағы Ұлан ауданының тұрғынының арызы бойынша зорлау фактісіне сәйкес Өскемен қаласының 34 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс бар.

Жәбірленуші ағымдағы жылдың 18 қаңтарында қайтыс болған зайыбының ағасы өз үйінде спирттік ішімдік ішкеннен кейін оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсіп, дене жарақатын салғанын көрсеткен.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушіден жеңіл дәрежедегі дене жарақаты анықталды.
Қылмыстық істің алдағы тергеу жұмыстары бақылауға алынды, тиісті тергеу жұмыстарын өткізу туралы нұсқаулар берілді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасатын болады",- деді ШҚО Полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797884-z-kanyna-tnsykty-sko-da-zesir-jeldi-markm-kjeuini-agasy-zorlap-tastagan/

pixel