Маңғыстауда гранатаға түскен әскери қызметкер ауыр жарақаттар алды
Жарияланған күні:
Маңғыстау обылысы Бейнеу ауылының полигонында әскери қызметші оқу-жаттығу кезінде гранатаға түсіп, жарылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
17 шілде күні № 99116 әскери бөлімінің қызметшісі Сергей Кошелев Маңғыстау облыстық ауруханасына аса ауыр халде жеткізілді. Оның денесінің оң жақ бөлігі жарақаттанған.
Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Өмірге қауіп-қатер туғызатын ешнәрсе жоқ.
Жігітті елордаға жеткізуге дайындап жатыр.
Туған-туысқандарының айтуынша, зардап шегушінің қолы мен көзі алып тасталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1806203-magystauda-skeri-kyzmetker-granataga-tsip-zaryldy/