Алматыда жолға таласқан азамат көлік жүргізушісінің құлағын тістеп алды
Опубликовано:
Алматыда жолға таласқан көлік жүргізушілері төбелесуғе дейін барған. Соның салдарынан бір адам құлағынан жарақат алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Instagram желісіндегі Kris_p_brothers тобында жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес Абай мен Саин көшелерінің қиылысында орын алған.
Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегісіп қалғанын белгілі болды.
Басылым біреуі көлігін көлденең қойып, екінші жүргізушіні соққыға жыққанын жазды. Сондай-ақ, 21 жастағы бұзақының таяқ жеген көлік жүргізушісінің құлағын тістеп алғаны да айтылды.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
Ведомство қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.
"Әуезов аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын және куәгерлерді анықтап жатыр. Зардап шеккен азаматтың жарақаты қаншалықты ауыр болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды", - деді полиция.
Ведомство бұзақының кінәсі дәлелденсе, 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе түрмеге қамалуы мүмкін екенін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808784-almatyda-zolga-talaskan-azamat-klik-zrgizusisini-klagyn-tistep-aldy/