Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)
Опубликовано:
Бүгін, 2 тамыз күні Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өрт Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылындағы 43-үйдің шатырынан шыққан.
Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймахамбетованың хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. Құтқарушылар өртті тез арада сөндірген.
Өрттің шығу себептері әлі анықталмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808953-almatyda-bes-kabatty-trgyn-jden-rt-sykty-video/