Шамалған маңында автобус пен пойыздың соқтығысуынан 2 адам қаза болып, 9 адам зардап шекті
Жарияланған күні:
Алматы облысында жолаушылар пойызы және автобустың қатысуымен болған ірі жол апатына қатысты алдын ала мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алдын ала деректер бойынша жол апатынан екі адам қаза болып, 9 адам зардап шеккен. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем көлігі мен ҚР ІІМ ТЖК бір бригадасы аттанған.
Өңірдің ТЖД мәліметінше, жедел штаб құрылып, қауырт желі іске қосылған.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің Қазақпаратқа хабарлауынша, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев жүр.
Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жеткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жолаушылар пойызының автобусты қағып кеткен сәтінен видео тарады.
Бұған қатысты пікір білдірген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың сөзінше, жол апаты 19:20-да болған.
"Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан автобусты қағу орын алған ", - деп хабардар етті ол.
Иманқұлов автобус теміржол жолында болғанын атап өтті.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі. Бейнежазбаны аяғы ауыр, психикасы әлсіз, жасы 18-ге толмаған жандарға көруге кеңес берілмейді!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816651-samalgan-mayndagy-zantrsigerlik-zol-apatynan-2-adam-kaza-bolyp-9-adam-zardap-sekti/