Ақмола облысында 75 жастағы қарияның үйін тонап, өзін зорлап кеткен
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Целиноград ауданы Жібек жолы ауылында тағы бір жантүршігерлік оқиға орын алды. 32 жастағы бұрын сотталған ер адам 75 жастағы қарт әйелдің үйіне кіріп, тонап қана қоймай, оны зорлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ newtimes.kz/-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше жантүршігерлік оқиға жайлы «Не молчи KZ» ҚҚ жетекшісі Дина Смаилова мәлім еткен.
"32 жастағы Д.М атты бұрын сотталған азамат таңғы төрттерде жасы егде тартқан қария әйелдің үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, зорлап кеткен. Ол аздай қылмыскер зейнеткердің үйін тонап кеткен.
Ал прокурор күдіктіні бар-жоғы 4 жылға абақтыға қамауын сұрап отыр. Әжейдің жасы 75-те және оны бір жылдан астам уақыт бойы сотқа сүйреп жатыр.
Зейнет жасында мұндай қорлықты бастан өткеру өте қиын", - деп жазған қоғам белсендісі.
Дина Смаилованың сөзінше, қария сол күні қатты соққының астында қалған.
"Ол зейнеткерді басынан, кеудесінен ұрған, көзіне зақым келтірген. Денесіне түскен жарақатты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өкініштісі, ол әжейді бір сағаттан астам уақыт бойы соққан. Бұрынғы спортшы-каратэші кетерінде тіпті «біреуге айтатын болсаң, өлтіремін» деп те қорқытқан", - деп жазған ол.
Басылымның мәліметінше, кейуана тек таңғы сегіздерде есін жиып, ағасына қоңырау шалған. Оқиға орнына келіп жеткен қария оның сау-тамтығы қалмағанын көріп, ауруханаға жеткізген.
Қазір кейуана естен танып қалады, сол жақ көзінің контузиясы бар екен. Алайда мамандар оның денсаулығына жеңіл зақым келді деген қорытындыға келген. Қоғам белсендісі прокурор күдікті абақтыға қамауға тым аз мерзім берген деп есептейді.
Амалы таусылған зейнеткер "Не молчи KZ" қорына көмекке жүгінген.
"Ол кісі қазір ештеңеден ұялып отырған жоқ, қария жәбір көрсеткен ер адамға осынша аз мерзім бергеніне налып отыр. Зейнеткерді қазыналы қарттығы осылай өтіп жатқанына ұялып отырмын. Әжей өмір бойы дәрігер болған және қартайғанында мұндай қорлық көруге мәжбүр емес", - деп жанайқайын жеткізген қоғам жетекшісі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1828386-akmola-oblysynda-75-zastagy-kart-jeldi-jin-tonap-zin-zorlap-ketti/