Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелеңде төтенше жағдай: 7 адам зардап шегіп, бір бала қаза тапты (фото)

Жарияланған күні:

8 қаңтар, сәрсенбі күні Қаскелеңдегі көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан 10 жасар бала қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде хабарлағандай, жарылыс сағат 13:15-те Төле би көшесінің бойында орналасқан үйдің соңғы қабатында болған.

Оқиға орнында 10 жастағы бала қаза тапқан. Тағы жеті адам түрлі жарақат алған. Олардың ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Көпқабатты үй тұрғындарының барлығы эвакуацияланды.

ТЖК-да атап өткендей, Қаскелең әкімдігі төтенше жағдай болған үй иелеріне уақытша баспана ұсынады.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Сонымен қатар, ТЖК оқиға орнынан суреттер таратты. Онда опырылған қабырғалар мен сынған терезелерді аңғаруға болады. Ал үй ауласында жиылған халық пен өрт сөндіру көліктері тұр.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Одан бөлек, Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz тобында оқиға орнынан видео тарады. Ролик авторы газ құбырына тым жоғары қысым берілгенін айтып отыр. Кадрдан тыс дауыс желі қолданушыларына абай болуды, балаларды үйде жалғыз тастамауды ескертті.

Кадрларда үй ауласында шашылып жатқан заттар, бесінші қабаттағы сынған терезелер байқалады. Төртінші қабаттағы балконға жартылай зақым келген.

Айта кетейік, бүгін Иранда Украинаның 180 жолаушысы бар ұшағы апатқа ұшырады. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1835177-kaskeledegi-gaz-zarylysy-7-adam-zardap-segip-bir-bala-kaza-tapty-foto/