Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында екі жасөспірім зорлаған оқушы қыз сәби босанды

Жарияланған күні:

Жамбыл облысында зорланған оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Баланың әкесі кім деген сұраққа сараптама нәтижесі жауап береді. Себебі жәбірленушіні екі жасөспірім бірге зорлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.

Мектеп оқушысы өзін екі жасөспірім зорлағаннан кейін бала туды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау фактісін облыстық полиция растады.

Дереккөздің сөзінше, бұл жантүршігерлік оқиға 2019 жылдың наурызында басталды. Кәмелетке толмаған қыз бірнеше рет зорланған.

Жәбірленуші дүкенге бара жатқан кезде оның артынан өзі секілді 18 жасқа толмаған екі жігіт аңдып келіпті. Олар қызды тастанды ғимаратқа әкеліп, арам ойларын іске асырған.

Ал өткен жылдың мамыр айында дәл сол жігіттер қызды қайта зорлапты.

Зорлықшылардың бірі жәбірленушіні қорқытып тастаған. Сол себепті де қыз ешкімге тіс жармауға бел буды деп жазады басылым.

Зорлық туралы тек бірнеше айдан кейін, яғни, өткен жылдың мамырында белгілі болды.

Қыздың анасы оның аяғының ауыр екенін байқаған, ал дәрігер жүктілікті растады. Жәбірленуші сол кезде ғана не болғанын айтып берген.

Қыздың ата-анасы дереу полицияға арыз жазыпты. Тәртіп сақшылары басты күдіктілерді анықтап, оларға айып тағылды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінде айтылғандай, баланың әкесінің кім екенін анықтау үшін медициналық сараптама тағайындалған, алайда оны тек босанғаннан кейін жүргізуге мүмкіндік бар.

Тергеу әлі де жалғасуда, бұл іс аймақтық ПД басшысы бақылауда.

Журналистерге зорлау фактілері анықталғаннан кейін оқиға қатысушылары оқыған мектеп директорының жұмыстан кеткені белгілі болды.

Мекеменің тағы бірнеше қызметкері жазаланған: біреу жұмыстан босатылып, біреуі сөгіс алған.

Басылымның жазуынша, зардап шегуші денсаулығына байланысты инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша оқиды.

Еске сала кетейік, Жамбылда қарындасын алты жыл бойы зорлаған 22 жастағы ер адам сотталды.

Материалдарды көшіру және пайдалану тек "Время" Басылымы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836279-zambyl-oblysynda-eki-zasspirim-zorlagan-okusy-kyz-sbi-bosandy/