Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаяу жүргіншілерге жаппай шабуыл жасаған ағайындыларға үкім шықты

Жарияланған күні:

Алматыда адамдарға жаппай шабуыл жасаған ағайындыларға сот үкімі шықты. Дінмұхамед Әлікеев жазасын 11 жыл 3 ай бойы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтесе, Жандос Әлікеев 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияға жіберіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадрлар: 31 арна және kris_p_almaty
Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадрлар: 31 арна және kris_p_almaty: Depositphotos

Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сотталушылардың адвокаты Станислав Кручевтің сөзінше, қорғаушы тарап үкіммен келіспейді және апелляция береді.

"Үкімнің қатаңдығын атап өткіміз келеді. Іс материалдарында елеулі өрескел тәртіп бұзушылықтар көп, бірақ жеке ұйғарым тек біреу ғана болмауы тиіс. Тергеу аясында дәлелдемелер дәйексіз деп танылуы қажет екенін айтқанбыз, бірақ сот өтінішімізді қанағаттандырмады. Апелляциялық сатыда қолайлы нәтижеге үміттенеміз.
Мұнда кісі өлтіру әрекеттерін көріп тұрған жоқпыз. 345- бапта көрсеткендей, бұл шабуыл, бірақ адам өлтіруге оқталу емес. Егер ойы болса, неге соңына дейін бармады? Сот сонда да 99- бапты растады, біз оны дұрыс емес біліктілік деп есептейміз",- деді заңгер.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Адвокат Жандостың әрекеттерінде мүлде қылмыс құрамы жоқ екенін айтады. Алайда оған қатысты 99- бап алынып тасталған.

293-бап 2-бөліктен 3-бөлікке, яғни "қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық әрекеттер" деп сараланған. Қорғаушының сөзінше, қару ретінде автокөлік танылып отыр.

"Ол, тіпті, жәбірленушіге жақындамаған. Көлік құралы қашаннан бері қару-жараққа айналған? Бұл тергеу аясы мен сот талқылауы шеңберінде анықталды. Оған бұзақылықты да, кісі өлтіру әрекеттерін де артып қойған. Бірақ оның іс-әрекеттерінде аталған құқық бұзушылықтар құрамы болмаған",- дейді Кручев.

Айта кетейік, Әлікеевтер бір топ адамға жаппай шабуыл жасағаны үшін сот алдына келген еді. Оқиға салдарынан ешкім қайтыс болған жоқ, бірақ ауыр жарақат алған адамдар болды.

Сот тыңдалымы уақытында прокурор сотталушыларды 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ағайындыларға үкім шығармас бұрын сот оларға соңғы сөз берді. Өз сөзінде қос Әлікеев те жәбірленушілерден кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841577-almatyda-zaau-zrginsilerge-zappaj-sabuyl-zasagan-agajyndylarga-kim-sykty/