Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда күйеуімен бірге туған қызын зорлаған келіншекке үкім шықты

Жарияланған күні:

Қарағандыда 13 жастағы қызды зорлаған өгей әкесі 21 жылға, ал кәмелеттік жасқа толмаған баланы азаптауға рұқсат беріп, қылмысқа ішінара қатысқан анасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: time.kz
Көрнекі фото: time.kz: Facebook

Жанұядағы жантүршігерлік жағдай жайлы кәмелетке толмаған қыз айтпағанша ешкім білмеген. Сұмдық әрекеттің беті ашылған соң а қпарат бірден құқық қорғау органдарына жеткен. Бірге тұратын ерлі-зайыптылар қамауға алынды. Ал мамандар 2006 жылы дүниеге келген қыздың жүйелі түрде зорланғанын растады.

Тергеу жұмысы оларға тек бұл айыптарды ғана емес, ҚК 312- бап 3-бөлім 2- тармағы -"кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен порнографиялық суреттермен материалдар дайындау немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тартуды" тағып отыр.

Қарағаны облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаптау өткен жылы жүйелі түрде болып отырғаны айтылды. Мамандандырылған сот судьясы Қайрат Қасымов жәбірленушіні залға қайта шақырып, сот залында сұраққа алмауды жөн деп тапты.

Бүгінде ерлі-зайыптылардың кінәсі толық дәлелденді.

Нәтижесінде күдікті 21 жылын жоғары қауіпсіздік мекемесінде, ал келіншек 16 жылын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Үкімге жоғары сатыдан шағым жасалуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842456-karagandyda-kjeuimen-birge-tugan-kyzyn-zorlagan-kelinsekke-kim-sykty/