Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жалдамалы пәтері өртеніп кеткен жеті балалы отбасы далада қалды (фото)

Опубликовано:

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында пәтер жалдап тұратын жеті балалы Шенгелбаевтар отбасы қыстың соңғы айында далада қалды. Көпбалалы жанұяның жалдамалы пәтерінен өрт шығып, сау-тамтұғы қалмаған. Қуанышқа орай, тілсіз жау жалмаған үйде күндіз ешкім болмапты. Бүгінде барар жер, басар тауы қалмаған отбасының жеті баласын көрші-көлем мен ағайын-туыс үйлеріне бөліп әкеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Өрт кеше түскі сағат үш шамасында болған. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғанын білмейміз. Аллаға шүкір, бұл кезде үйде ешкім жоқ еді. Үлкен балаларым сабақта, кішілері анасымен бірге балабақшада, өзім жұмыста жүрдім. Өрт туралы естігенде не істерімді білмей, абдырап қалдым. Адам аман, соған шүкір етемін. Бүгінде балаларымды ағайын-туыс пен көрші көлем үйлеріне алып кетті. Ал біз жалдамалы пәтер иесінің үйінде тұрып жатырмыз.
Пәтер иесіне алғысым шексіз. Себебі, бізді жеті баламен ешкім тұрғызбайды. Баспана жалдайтын болсақ, барлығы да жеті баламызбен қабылдамайтынын бетке айтады. Осылай көшіп-қонып жүргенде бұл кісі бізге мейіріммен қарап, пәтерінде тұруға рұқсат еткен еді. Жағдай осылай болды", - дейді жеті баланың әкесі.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бауыржан Шенгелбаевтың жеті баласымен Алматыда пәтер жалдап жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Ол Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылынан күнкөріс үшін қалаға көшіп келіпті. Бүгінде қай жерде құрылыс болса, сол жерден нәпақа табатын отағасы айлығының да тұрақты емес.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Алматыда пәтер жалдамаған жерім қалмады. Шаңырақ, Трудовик, Көкқайнар деп тізе берсем болады. Әйелім балабақшада бала күтуші болып істейді, қолға тиетін жалақысы 40 мың теңге. Мен балаларымды бағу үшін қандай жұмыс болса да бас тартпаймын. Айлығым бірде бар, бірде жоқ болса да, Алланың берген балаларын қатардан қалдырмай, жетілдіріп келеміз.
Жеті бала үшін мемлекеттен 74 мың теңге алып отырмыз, оған да шүкір етемін. Ең қиыны баспана болып тұр. Жеті баламен сыйдырмай, талай адам үйінен шығарып жіберді. Жақында әкем қайтыс болып, жетісін беріп келгенмін. Енді тұрып жатқан үйіміз өртеніп кетті", - дейді ол.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бауыржан мен жұбайы Қуаныш (13 жаста), Азамат (12 жаста), Гүлім (11 жаста), Ерасыл (10 жаста), Аяжан (8 жаста), Жансерік (6 жаста), Аяла (3 жаста) есімді жеті баланы өсіріп, бағуда.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ақпанның суығында далада қалған отбасыға көмек берем деушілер үшін Шенгелбаев Бауыржан Топарбекұлының реквизиті: + 7 707 169 19 81 осы нөрміге Kaspi Gold картасы тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842758-almaty-oblysynda-zaldamaly-pteri-rtenip-ketken-zeti-balaly-otbasy-dalada-kaldy-foto/

pixel