Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі ауылды су басып, тұрғындар түн ішінде эвакуацияланды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басты. Ал ауыл тұрғындары түн ішінде аудан орталығы Мырзакентке эвакуациялануға мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото авторы: Олжас Мамыр
Фото авторы: Олжас Мамыр: Depositphotos

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялық қызметінің мәліметінше, 1 мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетіп, Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елді мекенін су алған.

Ал Мақтаарал ауданы шекарасындағы "Орталық далалық коллекторда" су өткізу қуаты секундына 120 м³ болса, ағын судың қаттылығына қарай секундына 180 м³ болып, су арнасынан шығып кеткен.

Фото авторы: Олжас Мамыр
Фото авторы: Олжас Мамыр: Depositphotos

Салдарынан 2 мамыр күні сағат 01.30 минут шамасында Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекеніне су басу қаупі туындаған.

"Бөгеттің бұзылуы кезінде су қоймасындағы су көлемін азайту мақсатында облыс басшылығының шешімімен орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мақтаарал ауданының шекарасындағы Сардоба, ВС-1, ВС-1.1, ВС 1.1.9, ВС-1.1.7, ВС-18, Южный, Д-3, Қарой, Центральный коллекторлары суға толып қалды. Өзбекстан республикасының ТЖМ мәліметінше, 1 мамыр күнгі 20.15-те Сардоба су қоймасынан ҚР аумағына су ағызу тоқтатылған", - деп мәлімдеді Түркістан облысы өңірлік коммуникациялық қызметі. 

Жеңіс ауылында 288 тұрғын үй, 1922 тұрғыны бар. Оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер. 

Сондай-ақ, Жаңа тұрмыс ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел адам, 132 балалар мен жасөспірімдер бар.

Фото авторы: Олжас Мамыр
Фото авторы: Олжас Мамыр: Depositphotos

Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылған.

Су астында қалған екі ауылдың тұрғындары түнде Мақтарал ауданының орталығы Мырзакентке эвакуацияланған.

Таң ата Мырзакент қалашығын да су басу қаупі туындап, енді жұрт жаппай Жетісай ауданының Атакент кентіне көшірілуде.

Фото авторы: Олжас Мамыр
Фото авторы: Олжас Мамыр: Depositphotos

Фото авторы: Олжас Мамыр
Фото авторы: Олжас Мамыр: Depositphotos

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1854007-trkistan-oblysynda-eki-auyldy-su-basty-trgyndar-tn-isinde-evakuacialandy-foto/